Қазақстан Республикасының әскери заңдары. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі әскери қызметтің құқықтық негіздері

Авторы: Сейлханов К.А.

Издательство: Таразский региональный университет имени М.Х. Дулати

Оқу құралында болашақ «Бастапқы әскери дайындық» мамандарына қазіргі кездегі Қазақстан Республикасын қорғауға және Қарулы Күштері туралы әскери заңдар мен құқықтық актілердің мазмұны мен құрылымы, сондай-ақ ҚР ҚК әскери қызмет атқару туралы ережелердің анықтамалары мен түсіндірмелері ашылып көрсетілген. Сонымен қатар, болашақ мамандарға Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік, ақпарат таратудағы қауіпсіздік, халықаралық гуманитарлық құқықты әскери қақтығыс кезінде қолдану туралы және әскери қызметшілердің жалпы және әскери құқық бұзушылықтары үшін жауапкершіліктері бойынша жалпы түсінік беру қарастырылған. «Қазақстан Республикасының әскери заңдары» атты оқу құралының келешек Отан қорғаушыларды дайындаудағы, әскери құқықтық және патриоттық тәрбие берудегі және оларда жалпы Заңға деген құрмет пен әскери тәртіпке деген сүйіспеншіліктерін арттырудағы ролі зор. Оқу құралы жоғары оқу орындарының 5В010400 – «Бастапқы әскери дайындық» мамандығында оқитын студенттерге, магистранттарына және «Бастапқы әскери дайындық» оқытушы ұйымдастырушыларына арналған.