Электрлік тізбектер теориясы. Виртуалды зертханалық жұмыстарды орындауға және электротехникалық есептерді жүргізуге арналған
Авторы: Тлешова А.С., Толғанбаева М.Б.
Издательство: Таразский региональный университет имени М.Х. Дулати
Бұл оқу әдістемелік құралы электротехникалық есептеулерді жүргізу кезінде Mathcad және Multisim (ElectronicsWorkbench) бағдарламалық өнімдерді қолдану арқылы виртуалды зертханалық жұмыстарды орындауға арналған. Оқу әдістемелік құралы бес бөлімнен тұрады, онда орындалу тәртіптері, есеп беруге арналған талаптар, бағдарламамен жұмыс жасау шаралары жазылған. «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының білімгерлері үшін бұл құралда инженерлік пәндерге арналған нақты электротехникалық есептеулер мен бағдарламалар нәтижелерін салыстыра отырып зерттеу әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Әдістемелік құрал Тараз Мемлекеттік университетінің «Автоматика және телекоммуникация » кафедрасының оқытушылары жасаған.