Жүзім шаруашылығы
Авторы: Сейтбаев Қ.Ж.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Оқулық «Агрономия» пәнінің үлгілік бағдарламасына сәйкес дайындалды. Оқулықта жүзім дақылдарының морфологиялық белгілері мен биологиялық ерекшеліктері, олардың көбею әдістері, өсіру технологиясының жетілдірілген әдістері, жүзім өсіру, зиянкестер және жүзім аурулары қарастырылған. Сондай-ақ, жылы жерлерде жүзім өсіру технологиясы, жүзім дақылдарын өсірудегі биотехнологияның жетістіктері және қарқынды технологиялар сипатталған. Ұсынылған оқулық ауылшаруашылық білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, әуесқой жүзім өсірушілерге арналған.