Жүзім шаруашылығы

Авторы: Сейтбаев Қ.Ж.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Профобразование

Оқулық жүзім дақылдарының морфологиялық белгілері мен биологиялық ерекшеліктерін, оларды көбейту әдістерін, өсіру технологиясының жетілдірілген әдістерін, жүзім шаруашылығы, жүзім зиянкестері мен ауруларын қарастырады. Сондай-ақ, жүзім шаруашылығы технологиялары, жүзім дақылдарын өсірудегі биотехнологияның жетістіктері және қарқынды технологиялар сипатталған. Оқулық «Агрономия» пәні бойынша типтік бағдарламаға сәйкес дайындалған. Ұсынылған оқулық 08 «Ауыл, орман, балық аулау шаруашылығы және ветеринария» білім беру бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерімен оқу процесінде оқитын студенттерге, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, әуесқой жүзім өсірушілерге арналған.