Қонақжайлылық философиясы

Авторы: Абдикаримова М.Н., Шакирова Р.Г., Тульбаева А.Т.

Издательство: Қазақтың спорт және туризм академиясы, Казахская академия спорта и туризма

Оқу құралы өзіне негізгі төрт сегментті: орналастыру саласын, қоғамдық тамақтандыруды, тасымалдауды, рекреациялық бизнесті қосатын әртүрлі типтегі қонақжайлылық индустриясының қағидалары мен қызмет ету ерекшеліктерін жүйелі түрде оқытуды бағамдайды. Бұл оқу құралының мақсаты – білім алушының қонақжайлылық индустриясын одан ары зерттеуге тұрақты қызығушылығын ояту, қонақжайлылықтың әртүрлі саласында кәсіптік бағдарды қалыптастыру және қонақжайлылықты дамытуға арналған тәжірибелік әрекетке араласуға дайындықты тудыру. Оқу құралы қонақжайлылық саласындағы мамандарға, «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандықтарындағы студенттер мен магистранттарға, сондай-ақ туризм мен қонақжайлылыққа қызығушылық танытушыларға арналған.