Ертедегі қазақ жазуы және ақшасы

Авторы: Оразбай М.

Издательство: Дарын

Бұл кітап - талғампаз ақын, сыншы, әлемдік әдебиеттанушы, белгілі аудармашы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұхтархан Оразбайдың өткен тарихты ғасырлар қойнауынан қорытып, қазақ ұлтын құраған ру тайпалар қолданған ертедегі ғұн дәуіріне тән жармақ ақшаның тарихы жөнінде құнды еңбектер негізінде жазылған аса құнды тарихи зерттеу еңбегі. Бұл еңбекте ерте заманда қолданылған экономикалық ауыс-күйіс құралы болған ақша тарихы мен ол ақшадағы жазудың оқылу тарихын ашқан. Қытай жазбаша тарихына сүйене отырып жазылған бұл еңбек бұдан бұрын баспа бетінде жарық көре алмаған құнды деректерімен бағалы. Тарихтың аса құпия сырлары мен мазмұнын толық ашып, қазақ ұлтына орамды ойлармен алымды түрде жеткізе алғандығын аңғарамыз. Кітап тарихты танып, білгісі келетін ғалымдарға, сонымен бірге қалың әдебиет сүйер қарапайым оқырман қауымына арналған.