Қиямет күні немесе «Ақырзаман»

Авторы: Оразбай М.

Издательство: Дарын

Бұл кітап - талғампаз ақын, сыншы, әлемдік әдебиеттанушы, белгілі аудармашы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұхтархан Оразбайдың өткен тарихты ғасырлар қойнауынан қорытып, тарихи жазбалардағы, діни кітаптардағы, аңыздардағы құнды еңбектер негізінде жазылған аса құнды тарихи кітап. Бұл еңбекте әлемдегі ең күрделі - адамдардың нанымы менсенімі құндақтап жататын, не екенін шеше алмай дал болатын тылсым тұстарын ашуға тырысады. «Заманақыр» деген түсініктіңтарихи деректері мен туындау себептері толық ашылған. Терең тарихына сүйене отырып жазылған бұл еңбек бұдан бұрын баспа бетінде жарық көре алмаған құнды деректерімен бағалы. Қияметкүнінің аса құпия сырлары мен мазмұнын толық ашып, қазақ ұлтына орамды ойлармен алымды түрде жеткізе алғандығын аңғарамыз. Кітап қалың әдебиет сүйер қарапайым оқырман қауымына арналған.