Химиялық және мұнайхимиялық өндірістерін жоспарлау және жобалау негіздері

Авторы: Искаков Р., Наурызова С.

Издательство: Дарын

Ұсынылған оқу құралы химия, мұнай-химия және биохимиялық бағыттағы жоғары курс студенттерін немесе магистранттарды өндірісті жоспарлау, жобалау және ұйымдастырудың жалпы негіздерімен таныстыруға арналған. Бұл оқу құралында студенттер химия және мұнай-химия зауыттарын жобалаудың теориялық тұжырымдамаларымен танысады және практикалық мысалды пайдалана отырып, өндірісті құру мен ұйымдастырудың техникалық-экономикалық негіздемесін дайындаудың негізгі принциптерін меңгереді. Оқу құралының әрбір тарауында жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінен бұрын технологиялық бөлігіндегі практикалық мысалының шешімі, содан кейін қаржылық-экономикалық бөлігі қарастырылады.