Автокөліктерді техникалық эксплуатациялау (теориялық және нормативтік негіздер мен есептік мысалдар)
Авторы: Раимбаев Ә.Т.
Издательство: Дарын
Оқулықта автокөліктерді техникалық эксплуатациялаудың жағдайы теориялық ғылыми тұрғыда қарастырылып негізделген. Автокөліктердің детальдарының тозу механизміне қатысты техникалық жағдайдың өзгеру заңдылықтары келтірілген. Эксплуатациялауда техниканың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыздандыру стратегияларына жан-жақты талдау жасалынған. Экономика тұрғысында анықталатын көрсеткіштер жиынтығы топтастырылып мазмұндалған. Бұл оқулық «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» мамандарын дайындайтын т.б. оқу орындарына арналған. Мамандық бойынша білім алушы және ғылыммен айналысушы студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға және докторанттарға пайдалы мәліметтер ұсынылған.