Автоматты басқару жүйелер теориясына кіріспе 1-бөлім. Сызықтық жүйелер
Авторы: Молдабеков М.М., Əден Ə.Е., Оразалы Е.Е., Ибраим М.С.
Издательство: Дарын
Ұсынылған оқу құралы техникалық университеттердің бағдарламалары көлемінде математикалық дайындықтан өткен және автоматты басқару жүйелері теориясы мәселелеріне қызығушылық танытқан студенттерге арналған. Бұл оқу құралында автоматты басқару жүйелері теориясының негізгі ережелері, түсініктері мен анықтамалары, жүйелер мен олардың элементтерін математикалық сипаттау тәсілдері, сызықтық жуықтау теңдеулері бойынша шоғырланған параметрлері бар үздіксіз жүйелердің орнықтылығын зерттеу әдістері, сондай-ақ автоматты басқару жүйелерін талдау мен синтездеудің детерминистік әдістері көрсетілген. Қорытынды тарау ғарыш аппараттарының бағдарын басқару жүйесінің қозғалыс орнықтылығын зерттеуге және параметрлерін синтездеуге арналған.