Əл-Фараби – Шығыстың ұлы ойшылы. Аль-Фараби – великий мыслитель Востока

Авторы: Алтаев Ж.

Издательство: Дарын

Аталмыш монографияда «Екінші ұстаз» атанған, əлемдік мəдениет пен өркениеттің дамуына елеулі үлес қосқан Мұсылман ренессансы дəуірінің ұлы ғалымы Əбу Насыр əл-Фарабидің шығармашылық мұрасы қарастырылады. Энциклопедист-ғалым ретінде ол философия, этика, логика, музыка теориясы, математика, дін теориясы, мемлекет жəне құқық теориясы сияқты ғылым салаларын өз ойларымен жетілдірді. Кітапта əл-Фарабидің шығармашылығын зерттеген отандық жəне шетелдік ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалынды, сонымен қатар əл-Фарабидің философиясының ерекшеліктері мен оның Антика дəуірінің, сондай-ақ қазіргі заманғы ойшылдардың көзқарастарынан айырмашылығы көрсетілді. Ұлы ойшылдың онтологиялық, гносеологиялық, əлеуметтік-саяси, этикалық жəне антропологиялық көзқарастары егжей-тегжейлі зерделенді. Əл-Фарабидің метафилософиясы жəне дін философиясы ерекше назар аудартады. Ғұлама ойшылдың негізгі идеяларын компаративистикалық тұрғыда, яғни алдыңғы буын, қазіргі заманғы жəне жас буынның идеяларымен салыстырып, талдау арқылы көрсету еңбектің айрықша ерекшелігі болып табылады. Əл-Фарабидің идеяларын қазақстандық философияда зерттеу аса қызығушылық тудырады. Кітап əл-Фарабидің философиясына жəне шығармашылық мұрасына қызығушылық танытатын жалпы оқырман қауымға ұсынылады.