Əл-Фараби философиясы
Авторы: Алтаев Ж.
Издательство: Дарын
Ұсынылып отырған кітапта екінші ұстаз, ғұлама ойшыл өркениет философы Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармашылық мұрасының негізгі қырлары ашылып көрсетілген. Әл-Фараби энциклопедист-ғалым ретінде философия, этика, логика, музыка теориясы, дін туралы ілімі, математика, мемлекет теориясы және ғылымның басқа да салаларында өзінің төлтума ойларымен мәңгі өшпес із қалдырды. Әл-Фарабидің философия, логика, этика, руханилық және қоғамдық құрылымның өзекті мәселелеріне қатысты ойлары жүйелі түрде зерделенген. Сондай-ақ, кітапқа автордың әл-Фараби мұрасы туралы әр жылдары ағымдық басылымдарда жарық көрген ғылыми мақалалары мен сұхбаттары берілген. Кітап студенттер, магистранттар, PhD докторанттар, жоғары оқу орындарының оқытушыларына және әл-Фараби мұрасына қызығушылық танытқан көпшілік оқырман қауымға арналған.