Жастардың рухани-адамгершілік жаңғыруы тәжірибесі аясында Профессор Таубаева Шәркҥл Таубайқызының зерттеулерінің ғылыми кеңістігі - Научное пространство исследований профессора Таубаевой Шаркуль Таубаевны в контексте опыта духовно нравственного возрождения молодежи

Издательство: Дарын

Оқу құралының «Жастардың рухани-адамгершілік жаңғыруы: тарихи бастаулары, теориясы мен тәжірибесі» атты бөлімде ҚР ғалымдарының осы саладағы жетістіктеріне талдау жасалынып, рухани-адамгершілік тәрбиенің әлеуеті сипатталған. Сонымен қатар профессор Ш.Т.Таубаеваның жаңа тұрпаттағы педагогтің ғылыми-зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың тұжырым-дамасына сәйкес кітаптың алғашқы бөлімінде оның кәсіби өсу ортасына сипаттама берілген. Ал «Профессор Таубаева Шәркҥл Таубайқызының ғылымдағы шәкірттері» атты екінші бөлімде ғалымның жетекшілігімен қорғалған диссертациялар қысқаша мазмұны баяндалған. Оқу құралы Ш.Т. Таубаеваның көп жылдық ұстаздық және ғылыми-зерттеушілік тәжірибесінің қалыптасуына ықпал еткен Қазақстан Республикасына белгілі академиктер білім-ғылым саласы қайраткерлері, тәлімгерлері, әріптестері жайлы мәлімет берілген, білім алған, қызмет еткен ортасы және оның ғылымдағы шәкірттерінің жетістіктері талданған, жинақталған. Кітаптағы ақпарат білім алушыларды педагогиканның әдіснамасы сондай-ақ жастардың рухани-адамгершілік жаңғыруы туралы зерттеулердің авторларымен таныстырады. Оқу құралы жоғары оқу орындарының оқытушыларына, докторанттарына, магистранттарына, студенттеріне, ғылыми қызметкерлеріне, сонымен қатар, зерттеуші мектеп мұғалімдеріне арналған.