Қазақ мемлекеттігіне 3000 жыл. Ұлы империялар осы далада құрылған

Авторы: Оразбай М.

Издательство: Дарын

Оқырман қауымға ұсынылып отырған бұл кітап, қазақ тарихының саяси жақтан өте ертеден басталатын рулық, тайпалық, мемлекеттік жүйесінің қалыптасу тарихын, экономикалық жақтан аса ерекше тарихи тіршілік тынысын толық қамтыған еңбек. Түркі тектес қазақ ұлтының арғы аталары есептелетін елдің тамырлы тұтастығы мен өмір сүрген кеңістігі және территориялары негізгі өңірлерімен жүйелі түрде баяндалғаны анық. Қазақ ұлтын құрайтын тарихтағы негізгі ру тайпалардан Сақ, Ғұн, Қыпшақ, Қаңлы, Үйсін, Ұлы Жүз, Найман, Керейт т. б. рулардың тарихи деректерін қамтыған. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұхтархан Оразбай құрастырған бұл еңбекте, көптеген тарихи деректердің саралаудан өткені, ұлттық оймен зерделенгені, көп тілдердердегі нұсқалары салыстырылғаны анық көрінеді. Қазақ ұлты ұрған мемлекеттердің үш мың жылдық жүйелі тарихына толықтай шолу жасалған әрі ондағы байланыстардың толық ашылғанын көреміз. Кейбір ескі көзқарастарды да ретімен жоққа шығарып отырғандығы байқалады. «ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТЛІГІ ТАРИХЫ» тақырыбына жазылған еңбек ретінде бір жүйеге топтастырылып, қазақ оқырманына ұсынылған автор кітабы, өте сәтті құрастырылған. Әр қазақ қуана оқып, масаттана тұшынатын тұстары өте көп. Қарапайым оқырмандарға арналады.