Халықтың жаны мен намысындай
Авторы: Смағұлов М.
Издательство: Дарын
Батыр Баукең туралы «Халықтың жаны мен намысындай» атты кітаптың шыққанына да біршама уақыт өтті. Ол Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып шығарылған еді. Құдай қаласа келер жылы Ұлы Жеңіске 78 жыл толмақшы. Жылдам зымырап өтіп жатқан уақыт. Заман да қоғамда күн сайын өзгеріп келеді. Бірақ ерлік ешқашан мәнін жоғалтқан емес. Қайта күн сайын адамдардың санасында жаңғырып жарқырай түсуде. Мен бұл кітаптың екінші басылуына оқырмандарымнан алдын-ала кешірім сұрай отырып, кітаптың атын «Халықтың ары мен намысындай» деп өзгерткенді жөн көрдім. Өйткені адамның арынан қымбат өмірде ештеңе жоқ екенін ескердім. Жан дегеніміз өмірдің ең соңғы сатысы екенінде естен шығарған жоқпын. Сонымен қатар менің бірінші кітабыма өз пікірін білдірген бір топ ғалым ағаларымыз бен іні-қарындастарыма өзімнің шексіз ризашылығымды білдіремін. Сол кісілердің бір-екеуінің кітап туралы жүрек жарды сөзін бере кеткенді жөн көрдім.