Ілияс Жансүгіров
Авторы: Имангазинов М.М.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Монография Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына арналып жазылған. Кітапқа қаламгердің драматургия, поэзия, эпика, проза саласында жазған еңбектері енді. Ілиястың туындалары — қазіргі әдебиет әлеміне қоғам өмірінде болып өткен қыруар құбылыстарды эпопеялық үлгіде көрсете алатын шығарма. Сонымен қатар, шығарма жазудың тың үлгісі есебінде, көркем образ, жаңа түр, халқының тіл қазынасын шебер пайдалану тұрғысында да өз дәуірінің үні, сыры мен шыны асқан реалистікпен жазылғаны — қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған елеулі үлес. Қазіргі кезде қазақ прозасының тарихында елеулі орын алады. Еңбек филолог ғалымдарға, білім алушыларға және жалпы оқырмандарға арналған.