Ғарыш қызметіндегі метрология, стандарттау және сертификаттау. 1-том
Авторы: Исмаил Е.Е., Утегенова А.У., Ермолдина Г.Т., Суйменбаева Ж.Б., Бапышев А.М., Ермолдина Э.Т.
Издательство: Дарын
Бұл оқу құралы «Метрология, стандарттау және сертификаттау» пәні бойынша автордың ғылыми-тәжірибелік жұмыстарының және оқыған лекция-ларының нәтижелері негізінде дайындалған заманауи дәрістер курсы болып табылады. Метрологияның, стандарттау мен сертификаттаудың ғарыш қызметі саласындағы рөлі, маңызы, мақсаттары мен міндеттері заманауи ұстанымдар-дан айқындалған. Ғарыш қызметі саласындағы метрологияның, стандарттау мен сертификаттаудың негізгі ғылыми құқықтық ережелері, заманауи нормативтік-құқықтық базасы, практикалық аспектілері мен ерекшеліктері қарастырылады. Оқу құралы 6В0711 – Ғарыштық техника және технологиялар және 6В0712 – Ғарыштық техника мамандықтарының студенттеріне арналған. «Метрология, стандарттау және сертификаттау» оқу құралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржылан-дырылған №АР09058441 «Мемлекетаралық және ұлттық стандарттау негізінде онтологиялық инженерия бойынша стандарттарды әзірлеу мен үйлестіруді басқарудың интеллектуалды жүйесін құру» ғылыми жобамен жазылған.