Мультисервисті телекоммуникациялы жүйелер
Авторы: Әбілдаева А.С., Оңғарбаева М.Б.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Оқу құралында желілерге қойылатын талаптар мен оларды жобалаудың бастапқы деректері анықталған, көп деңгейлі тәсілді қолдана отырып, желіні дамытудың сәулеті мен кезеңдері көрсетілген. Оқу құралында сондай-ақ корпоративтік желі құрылымын және IMS сәулет сиппатамалары берілген, сонымен қатар, NGN, Sisco Systems жабдығы мен құралдарының ең тиімді шешімдері сипатталады. Оператордың мультисервистік желілері шешетін мәселелер қарастырылған. Көптеген мысалдарды пайдалана отырып, көпсервистік кең жолақты қатынау (қол жетімді) желілерін ұйымдастырудың бүгінгі таңдағы ең перспективалы техникалық шешімдері қарастырылады. Оқу құралында сандық сигналдарды өңдеу көп жылдамдықты жүйелері туралы ұғымдар ақпараты берілген. «Мультисервисті телекоммуникациялы жүйелер» оқу құралында «Көпарналы талшықты-оптикалық байланыс желілері мен жүйелері», білім бағдарламасында оқитын студенттеріне, магистранттарға және телекоммуникация саласында жұмыс жасайтын мамандарға арналған.