Физика (механика, молекулалық физика және термодинамика)
Авторы: Мұсабеков О.Ү.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Кітап екі бөлімнен тұрады: I бөлім «Механика»; II бөлім «Молекулалық физика және термодинамика негіздері». Бірінші бөлімде денелердің механикалық қозғалыстары мен қасиеттері, екінші бөлімде молекулалардың орасан көп санынан тұратын денелердегі макроскопиялық процестер қарастырылады. Назарларыңызға ұсынылып отырған оқу құралы ҚР МЖМББ стандартының талаптарына, техникалық университеттердің жалпы физика курсының оқу бағдарламасына сәйкес келеді. ЖОО-ның инженерлік-техникалық мамандықтарына арналған.