Тәңірберген Әміреновтің шығармашылық зертханасы

Авторы: Кеңесбаева Ш.С.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Еңбекте қазақ әдебиетінің тарихында ХХ ғасырдың қырқыншы-сексенінші жылдары аралығында дәстүрлі ақындық поэзияға өзіндік үлес қосқан халық ақыны Тәңірберген Әміреновтің өмірі мен шығармашылығы зерттеу нысанына алынған. Ақын поэзиясының даралық сипаты анықталып, өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі мен өлшем-өрнектері жан-жақты талданған. Т.Әміреновтің айтыс өнеріндегі суырыпсалмалық шеберлігі, айтыскердің қазақ айтысындағы орны айқындалады. Эпикалық шығармаларының әлеуметтік және тарихи сипатына баға берілді. Монография жоғары оқу орындарының студенттеріне және көпшілік оқырманға арналған.