Қазақ тілінің стилистикасы

Авторы: Мұратбек Б.Қ., Айтбенбетова А.К.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Тілге қатысты стиль белгілі бір тілдегі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін қарастырады. Мағыналық дәлдік, мәнерлілік сөздерді нақты қолдана білумен, дұрыс орналастырумен, мәнерліліктің тәсілдерін білумен тығыз байланысты. Сонда стилистика сөздердің қолданылу заңдылықтарын, сөз бен сөз тіркестерін экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдалану принциптерін зерттейді, белгілі бір ойдың талғамдылықпен, әуезділікпен берілуін талап етеді. Демек, стилистика курсын оқытудың теориялық әрі практикалық маңызы зор. Берілген жаттығулар мен тапсырмалар грамматикалық курспен ұштасып, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға негізделеді. Оқу құралы ЖОО студенттері, магистранттарға «Стилистика», «Тіл мәдениеті» пәндері бойынша ұсынылады.