Мұнай-газ өндірісін нарықтық экономика жағдайында ұйымдастыру, жоспарлау және басқару
Авторы: Тілегенов И.С.
Издательство: KEMEL KITAP
Бүгінгі күнде еліміздің мұнай-газ саласы ел экономикасының өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге өз септігін тигізуде. Ел басымыз Н.Ә. Назарбаевтың жолдауларында «Қазақстан жоғарғы оқу орындарының міндеті – келешек мамандарға әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру» делінген. Сондықтан елдің болашағы бүгінгі жастарға жоғары сапалы білім беру қажет. Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Мұнай-газ өндірісін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару» пәні бойынша оқу құралында бүгінгі күні еліміздің мұнай-газ саласына қажетті мамандарды дайындау үшін маңызды сұрақтардың барлығы қамтылған. Сонымен бірге оқу құралында әлемдегі және Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы қалыптасқан жағдайлар қарастырылып, оларды мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздері келтірілген. Оқулық өңделіп, толықтырулармен баспадан екінші қайтара шығаруға ұсынылады.