Адамзат тарихындағы шаманизм
Авторы: Муратқазин М., Мамырбаев Д.Ж.
Издательство: KEMEL KITAP
Оқу-құралында шамандық тереңірек зерттеледі. Әрі шамандықтың түрлі халықтарда пайда болу себептерінен бастап Қазақстан аумағындағы бақсылық жан-жақты қарастырылған. Кітапта шаманның тұлғасын, қоғамдағы орнын, спиритизмін, сиқырларын, құрбандық жолдарын һәм тарихта әр халықтың мәдениетіне сіңген элементерін баяндайды. Әр тақырыпты оқырманға түсінікті етіп жазуға тырыстық. Оқу-құралы «Дінтану», «Теология» және «Тарих-Дінтану» мамандықтарының білім алушыларына арналған.