Лексикология
Авторы: Оразбаева Ф.Ш.
Издательство: KEMEL KITAP
Қазақ тіл білімінде коммуникативтік теория мен әдістеменің қалыптасуына және қазақ тілін деңгейлік оқытудың жүйелі түрде оқытылуына елеулі үлес қосып келе жатқан көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Халықаралық Педагогикалық білім беру Академия- сының академигі, филология ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Шоқан Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі сыйлықтың лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Оразбаева Фаузия Шәмсиқызының «Лексикология» атты еңбегіне ұлттың тамыры саналатын қазақ тілінің сөздік қоры мен сөз байлығының лексико-семантикалық табиғатын ашатын пәннің лекциялық курсы мен практикалық дәрістері енгізілді. Еңбек ғалымдарға, ұстаздар мен тіл мен әдебиет мамандарына, студенттер мен ізденушілерге, зиялы жұртшылық пен көпшілік қауымға арналады.