Бейсызықты автоматты реттеу жүйелері

Авторы: Джаманбаев М.А.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Оқу құралы «Бейсызықты автоматты реттеу жүйесі» пәні бойынша құрылған бағдарламаға сәйкес келеді. Оқу құралында бейсызықты және дискретті жүйелерді зерттеудің ерекшеліктері мен әдістері баяндалған. Сондай-ақ динамикалық жүйелерге кездейсоқ әсерлер ықпал еткен жағдайдағы жүйелердің дәлдігін бағалау мәселелері қарастырылған. Материалды баяндау түрлі мысалдарды келтіру арқылы нақтыланады. Ұсынылып отырған оқу құралында теориялық материалдардан басқа, пәннің негізгі тараулары бойынша бақылау сұрақтары, теориялық материалдарды меңгеруге мүмкіндік беретін есептер топтамасы, сондай-ақ өздік бақылауға арналған қысқаша тест сұрақтары келтірілген. Оқу құралы «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша оқитын студенттерге (магистранттарға), сонымен қатар бейызықты автоматты реттеу жүйелері қосалқы пән болып табылатын мамандықтардың студенттеріне арналған.