Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары
Авторы: Оралбаева Н.
Издательство: KEMEL KITAP
Бұл кітап жоғарғы оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде өтіліп жүрген «Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары» деген арнаулы курс үшін ұсынылып отыр. Жоғары оқу орындарында арнаулы курстар ғылымның соңғы жаңалықтарымен студенттерді таныстыру мақсатында оқытылатыны белгілі. Аталған арнаулы курс та осы мақсатқа сай өтіледі. Қазақ тіл білімінде жаңа ғана зерттеле бастаған үлкен ғылыми проблеманың бір ғана саласына арналған бұл еңбек ғылыми қызметкерлер мен аспиранттар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, мектеп оқытушылары сияқты оқырман қауымға ұсынылды.