Антика әдебиеті
Авторы: Имангазинов М.М.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Әлем әдебиеті көкжиегінде игілікті ұлы рухани дүние қалдырған антика әдебиетінің мұрасы мәңгілік жасайтыны анық. Оның қайталанбас сұлу әшекейлері мен көз тартар сюжеттерін оқып танып білу — келер ұрпаққа зор тәлім мен тәрбие. Оқу құралында антикалық әдебиеттегі әйгілі сюжеттер мен мифтік образдарды, мысал мен драмалық шығармаларды, терминдер мен нақылдарды, афоризмдерді, теңеулерді нақты атын атап, түсін түстеп, оған ғылыми анализ бен саралау мақсаты көзделген. Оқу құралы «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәнін оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.