Әдеби шығармашылық
Авторы: Келгембаева Б.Б.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Оқулық шығармашылық еңбектің табиғаты мен қаламгерлік шеберхананың жалпы заңдылықтарына арналған. Студенттерге шығармашылық еңбектің болмыс-бітімін, өмір шындығының сөз өнері туындысына айналу жолдарын түсінуге мүмкіндік береді. «Әдеби шығармашылық» пәнін оқитын «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» «Журналистика», «Әдеби шығармашылық» білім беру бағдарламаларының студенттеріне ұсынылады. Сондай-ақ, магистранттарға, оқытушыларға және шығармашылық психология мәселелеріне қызығатын жалпы оқырман қауымға арналған.