Логистикалық әдістер
Авторы: Левкин Г.Г., Симак Р.С., Тышканбаева М.Б., Ахметкалиева С.К.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Оқу құралының мақсаты – студенттердің практикалық білімдерін бекіту және логистикалық жүйелердегі үдерістердің тұтас көрінісіне бағыттау. Әдістемелік нұсқаулықта тапсырмалардың егжей-тегжейлі қадамдық шешімдері қарастырылған және MS Excel кестелік процессоры ұсынылған. Оқу құралының әр тақырыбы қарастырылған мәселелердің теориялық негіздемесін, егжей-тегжейлі әдістемелік нұсқаулар мен мәселені шешудің мысалын, алынған дағдыларды өз бетінше шешуге және бекітуге арналған сұрақтарды қамтиды. Берілген оқу құралы логистика әдістерін тиімді игеруге және оларды тәжірибелік іс-әрекетте қолдануға мүмкіндік береді. Аталмыш кітап «Логистика» бағыты бойынша оқитын студенттерге, сонымен қатар жоғары оқу орындарында сабақ беретін оқытушыларға пайдалы оқу құралы болады.