Вокалды-хор тәрбиесі

Авторы: Султанова Н.К.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

«Вокалды-хор тәрбиесі» атты оқу құралында жалпы орта білім беретін мектеп, мектепке дейінгі музыкант-педагог жетекші, ЖОО музыка пәні мұғалімдеріне мектептен тыс жұмыстың бір түрі хор үйірмесімен жұмысы, оның негізгі бағыт-бағдары, ән айту кезінде балалар дауыстарының, дыбысталуының қалыптасуын, балаларға ән салудағы тыныс алу ерекшеліктерін музыка сабағында қолданылуы жайлы көп жылғы еңбегінің нәтижелерін жинақтап қарастырған. Жалпы оқу құралы «Музыкалық білім беру», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша жасалған. Аталған оқу құралы, жалпы орта білім беретін мектеп, бала-бақша, арнайы музыка мектептер мен колледждердің және сонымен қатар ЖОО студенттеріне, оқытушыларына, жаңашылдыққа жол ізденуші барлық оқырмандарға, жалпы музыка сүйер қалың қауымға арналған.