Ұлттық бірегейлік және журналистика

Авторы: Садықов С.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Қазақ елінің жаңа тарихи дамуында ұлттық журналистиканың алар орны айрықша. Тәуелсіздік талаптары ұлттық идентификациялану мен ұлттық бәсекелестікке қабілеттілік, ұлттық бірегейлік проблемаларының ұлт журналистикасы мен публицистикасында көрініс табуын шынайы шындық тұрғысында бағалап, пайымдаудың зәрулігін туындатып отыр. Оқулықта бұл өзекті мәселелердің ұлттық маңызы мен бағыты қазіргі әлемдік тәжірибе астарында ой елегінен өткізіледі. Осы тұрғыдан келгенде жұмыстың ұлттық журналистиканың теориясы мен оның проблемаларын айқындап, одан әрі дамытуда елеулі ғылыми маңызы бар. Оқулық республика жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттері мен бөлімдерінің студенттері мен магистранттарына, оқытушыларына, сондай-ақ калың оқырман қауымға арналған.