Жануарлар анатомиясының топографиялық атласы. Екі бөлікте. 1-бөлім. Бас, мойын, тұлға

Авторы: Наметов А.М., Сидихов Б.М., Мурзашев Т.К., Есенгалиев К.Г.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Ұсынылып отырған оқу құралы жануарлар организмдері мүшелерінің және мүшелер жүйесінің анатомо-топографиялық құрылысының терминологиясы. Профессор, вет. ғыл. д-ры Петр Попесконың еңбегінің қазақ тіліндегі аудармасы және профессорлар А.И. Акаевский мен Д. Ковачтардың еңбектерінің де аудармалары қолданылды. Анатомия салаларындағы және латын ветеринарлық терминологиясының анатомиялық номенклатуралық терминдері жүйелі түрде толығымен қамтылған. Қазақ тіліндегі терминологияларда профессорлар Б.А. Домбровский, Ф.М. Мұхамедгалиев және К. Жанабековтердің де еңбектеріне сүйендік. Қолданылған суреттер П. Попесконың атласынан сканерленіп жинақталған. Оқу құралы «Ветеринария» білім беру бағдарламалары бойынша «Жануарлар морфологиясы латын ветеринарлық терминологиясымен» пәнінен білім алушыларға пайдалануға және ветеринарлар мен жалпы ауыл шаруашылық мамандарына арналған.