Топырақ биологиясы мен экологиясы

Авторы: Шарипханова А.С., Комекова Г.К.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

«Топырақ биологиясы және экологиясы» оқулығында топырақтың даму тарихы мен биотасы, топырақтағы тірі ағзалардың топырақпен байланысы және өзара байланысы, оның қалыптасуы, негізгі ұғымдар мен түсініктер, биологиялық және экологиялық проблемалар қарастырылған. Қазіргі топырақ биологиясының экологиялық жағдайлары және антропогендік факторлардың топыраққа, оның тірі бөлігіне әсері туралы мәліметтер талданды. Оқулықтың екінші бөлімі зертханалық жұмыстарды қамтиды және алынған теориялық білімді практикада қолдану қабілетіне негізделген. Білім алушылар оқыту нәтижесінде алынған білім базаларын талдайды және Қазақстан Республикасының білікті мамандарына қойылатын талаптарға сәйкес келетін кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыра алады. Оқулық «Топырақ биологиясы» пәнін оқитын жаратылыстану-ғылыми мамандықтар бойынша студенттер мен оқытушыларға арналған. Бұл сонымен қатар топырақ биологиясы мен экологиясына қызығушылық танытатын оқырмандарға пайдалы болады.