Техногенді қалдықтарды орналастыру және қайта өңдеу технологиялары
Авторы: Таңжарықов П.А., Сүлейменов Н.С., Төлеген А.E.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Ғылыми еңбекте пайдалы қазбалар қалдықтарының қоршаған ортаның жай-күйіне әсері және техногендік ластану ерекшеліктері туралы мәселелер қарастырылған. Негізгі назар атмосфераны, гидросфера мен литосфераны кәсіпорындарда, коммуналдық қызметтерде, қалалық ортада пайда болатын әртүрлі ластанулардан қорғаудың негізгі мәселелеріне, сондай-ақ қоршаған ортаны өндіріс қалдықтарынан, тұрмыстық ортадан, көлік құралдарынан қорғау туралы ақпаратқа аударылады. Кітапта қоршаған ортаны ластанудың белгілі бір түрлерінен қорғау туралы негізгі ережелер қамтылған. Бұл ғылыми еңбекте пайдалы қазбалар өндірісінде пайда болатын қалдықтардан қоршаған ортаға бөлінетін зардапты азайту негізінде, олардың бөлініп шығу тегіне байланысты сараптап, сонымен қатар қалдықтарды екінші ресурсты шикізат ретінде қарастырып, әртүрлі өндіріс саласында пайдалану жобасы анықталған. Пайдалы қазбалар қалдықтарына талдау жүргізіліп, жол құрылысы саласында, отын өнеркәсібінде, құрылыс материалдары өндірісінде шикізат көзі ретінде қолдану бағыттарына ғылыми тәжірибелер жасалған. Өндірістік қалдықтарды тиімді пайдаланудың жаңашыл технологиялары ұсынылып, негізгі бағыттары анықталған. Өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеудің жеке аспектілері: олардың пайда болу көздері тау-кен кәсіпорындары қалдықтарының ерекшеліктері, қалдықсыз технологиялар, улы өнеркәсіп қалдықтарымен жұмыс істеу, радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу, төтенше жағдайлар кезінде қалдықтардың пайда болуы өнеркәсіптік қалдықтардан өнімді қолдану саласы қарастырылған. Еңбек мұнай газ ісі, өміртіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, экология, құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырылымдарын өндіру мамандығының білім алушыларына, магистранттар мен докторанттарға және оқытушыларға, сонымен қатар өндірістік мамандарға, ғылыми қызметкерлерге арналған. Жұмыс 100 суретпен, 94 кестемен, 26 формуламен өрнектелген.