Тракторлар және автомобильдер. Трансмиссия

Авторы: Бектасов Б.Ө.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

«Тракторлар және автомобильдер. Трансмиссия» оқу құралы ауыл-шаруашылығы саласында қолданылатын тракторлардың, автомобильдердің және комбайндардың трансмиссия агрегаттарының конструкцияларынан толық мәліметтер береді. Сонымен қатар заманауи үлгідегі трансмиссиялардың ерекшеліктері, олардың құрылысы және жұмыс істеу қағидаттары, цифрлық технологиямен басқарылатын роботтандырылған механизмдері мен жүйелері туралы мәліметтер қамтылған. Оқу құралы – трансмиссияның және оның агрегаттарының жіктелімі туралы, олардың жұмысын сипаттайтын көрсеткіштер, трансмиссияның күштік қондырғыдан ажыратылуы, трансмиссияның механизмдері мен агрегаттары секілді бөлімдерді қамтиды, сол секілді механикалық PowerQuad, жартылай автомат AutoQuad, роботтандырылған және сатысыз AutoPowr трансмиссиясы туралы, сол секілді трансмиссия құрылымына енгізілген т. б. жаңашылдықтар туралы толық мәліметтер келтірілген. «Аграрлық техника және технология» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге арналған. Сонымен қатар аттас бейінде білім алатын колледж студенттеріне арналған.