Білім беруді ақпараттандыру процесінде денсаулық сақтауға құндылық бағдар

Авторы: Нұржанова Ж.Ж.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Монографияда білім беруді ақпараттандыру арқылы білім алушының денсаулық сақтауға құндылық бағдарын қалыптастыру туралы ақпарат бар. Жеке тұлғаға бағдарланған және ақпараттық-компьютерлік инновациялық білім беру технологиялары басты назарда берілген. Тәжірибелік нәтижелер ұсынылады. Жұмыс жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық бағытта білім алатын магистранттарға, болашақ ұстаздарға арналған. Зерттеу нәтижелерін ақпараттық технологияларды пайдалану, инновациялық әдістер, педагогикалық технологиялар туралы дәрістер оқығанда қолдануға болады.