Мұғалімнің әмбебап педагогикалық құзыреттіліктері

Авторы: Мухамеджанова Г.С.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Оқу құралында педагогика ғылымының заманауи өзекті мәселесі зерттелген. Соңғы кезде оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктеріне үлкен мән беріліп жүр. Оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің негізін қалаушы ұғым «әмбебап педагогикалық құзыреттіліктері» болып табылады. Автор негізгі ұғымның анықтамасын ұсынған, дәлелді түрде оны педагогикалық тәжірибелерден, бірнеше апробациялардан өткізген. Барлық мамандық бойынша болашақ мұғалімдерді даярлағанда оқу құралы ретінде пайдалануға болады: курстық, дипломдық жұмыстар үшін пайдасы тиімді. Педагогика пәнінен қосымша материалдар ретінде пайдалануға көмегі зор. Оқу құралы педагогикалық зерттеулерге, педагогикалық тәжірибелерге өте бай: әр қорытындысы, тұжырымдамалары педагогикалық, статистикалық критерийлермен дәлелденген.