Әлеуметтану негіздері

Авторы: Ильясова Э.У.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Профобразование

Оқу құралында қоғамдағы әлеуметтік өмір салаларындағы әртүрлі әлеуметтік құбылыстардың мағыналарын анықтау берілген. Мәдениеттің қалыптасуы, әлеуметтік ойлар мен көзқарастардың қалыптасуына бағдарлану, әлеуметтік институттар мен мемлекеттегі адамдар арасындағы қатынастардың пайда болу жолдарын түсіндіру сипатталған. «Әлеуметтану», «Әлеуметтану негіздері», «Әлеуметтану және саясаттану негіздері» пәндерін оқитын техникалық және кәсіптік білім беру студенттеріне арналған.