Металдардың коррозиясы және қорғау әдістері
Авторы: Мұқашев Қ.М., Мұрадов А.Д., Яр-Мұхамедова Г.Ш.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Оқу құралында коррозия процесінің теориясы мен жетекші қағидалары, негізгі техникалық мақсаттағы металдар мен қорытпалардың қасиеттері, әртүрлі орталардың әсері, металдардың коррозияға ұшырауына механикалық, электрхимиялық, газды атмосфералық және металлургиялық факторлардың әсері туралы нақты факторларға сүйенген негізгі мағлұматтар келтірілген. Сонымен қатар металдарды коррозиядан қорғау әдістерінің әсер ету механизміне байланысты топтамасы, электрхимиялық қорғау шаралары және түрлі қорғаушы қаптамаларды пайдалану тәсілдері туралы материалдар молынан қамтылған. «Коррозия және металдарды қорғау» пәнін оқитын «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге арналған.