Тамақтандыру кәсіпорындарында өндірісті ұйымдастыру
Авторы: Аманова Р.П.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Профобразование
ТжКБ үшін «Тамақтандыру кәсіпорындарында өндірісті ұйымдастыру» оқу құралы қоғамдық тамақтандыру саласындағы өндірістік процестерді тиімді ұйымдастыруды, басқаруды және бақылауды үйренуге бағытталған. Бұл оқу құралы тамақтандыру кәсіпорындарының жұмысын жүйелі түрде түсіндіреді, олардың өндірістік процестерін оңтайландыру мен тиімділігін арттыру үшін қажетті теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды қамтиды. Кітапта кәсіпорынның жоспарлау, өндіріс процесінің ұйымдастырылуы, еңбек және ресурс күші, сапа бақылау, өндірістік және технологиялық үдерістердің өзара байланысы сияқты маңызды аспектілер қарастырылған. Тамақтандыру саласында жұмыс істейтін мамандар үшін пайдалы ақпаратты ұсынады. Тамақ өндіру технологиялары мамандықтары бойынша оқитын студенттерге, ет, сүт және басқа да тағамдық өндірістердің мамандарына және осы саладағы колледж бен кәсіптік лицейлердің оқушыларына да пайдалы болары анық.