Тыныс алу жүйесі ауруларындағы синдромдар
Авторы: Жумамбаева Р.М., Даутов Д.Х.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Оқу құжаттаманы біріздендіру үшін медициналық білім берудің қазіргі заманғы жағдайының талаптарына сәйкес келетін әдістемелік құралдарды жасау өзекті болып табылады. Осы себептерге қарай жазылған «Тыныс алу жүйесі ауруларындағы синдромдар» атты оқу құралы «Медицина білім беру бағдарламасы» 3 курс студенттеріне арналған. Тыныс алу жүйесі ауруларында жиі кездесетін синдромдар жан-жақты толық қарастырылып отыр, әрбір синдромға қатысты пайда болу себептері және бейімдеуші факторлары, негізгі клиникалық көріністерімен олардың механизмдері, зертханалық және аспаптық зерттеулер деректері келтірілген. Бұл құрал «Тыныс алу ағзаларының аурулары кезіндегі зерттеу әдістері» және «Негізгі клиникалық синдромдар және нозологиялық нысандар» бөлімдері бойынша оқу материалын игеру кезінде кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.