Дүние жүзі халықтарының музыкасы. Азия халықтарының музыка тарихындағы Ұлы Дала мәдениеті
Авторы: Сабырова Ә.С.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Оқулықтың мазмұны Шығыс Азия, Мысыр, Үндістан, Түркияның дәстүрлі музыкалық өнерінің негізгі тарихи даму кезеңдерімен, құрылым, жанрларымен таныстырады. Автор сонымен қатар Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан шығыстанушыларының заманауи ғылыми зерттеулерінде баяндалған Ұлы Дала көшпенділерінің, атап айтса, ведалық, моғол, мәмлүк кезеңдерінің, Конфуций трактаттарының философиялық және эстетикалық тұжырымдарын, тарихи мағлұматтарын негізге ала отырып, этносаралық ықпалдастығындағы Ұлы Дала көшпенділерінің жетістіктерін көрсетуді мақсат етті. Ә. Сабырованың 2003 жылғы «Шығыс музыкасы» типтік білім беру бағдарламасына сәйкестендіріле жазылған «Азия халықтарының музыка тарихындағы Ұлы Дала мәдениеті» («Әлем халықтарының музыкасы» пәнінен оқулығы») бакалавриаттың «Музыкатану», «Композиция», «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандықтары, «Әлем халықтарының музыкасын зерттеу мәселелері» магистратураның барлық мамандықтарына арналған. Отандық музыкалық білім беру жүйесінде тұңғыш жазылған авторлық оқулық музыкатанушы, мәдениеттанушы, тарихшыларға, жалпы еліміздің мәдениет тарихы қызықтыратын кең оқырман қауымға арналады.