Жоғары ретті сызықтық емес жүйелерді басқару
Авторы: Тасболатұлы Н., Әлімхан Қ.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Монографияда сызықтық емес жүйелердің орнықтылығы, күй және шығыс кері байланысы көмегімен сызықтық емес жүйелерді бақылау және басқару мәселелері зерттелді. Атап айтқанда, p-нормал формадағы сызықтық емес жүйелердің шығыс сигналын бақылау есебінің математикалық моделі құрылып, Ляпуновтың тура әдісі, біртекті үстемдік әдісі, «компенсатор-контроллер» біріккен әдісі және сигнум функциясының біріктірілген әдістері арқылы басқару шешімдері табылды. Теориялық зерттеулер мен дәлелдеулердің нәтижесінде алынған жетістіктер MatLab GUI қосымшасында компьютерлік модельдеу арқылы тексерілді. Бағдарламалық жасақтама әзірленіп, оның нәтижелеріне талдау жасалды. Монография басқару теориясы мәселелерімен айналысатын мамандарға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтарының жоғары курс студенттеріне, магистрант, докторанттарға арналған.