Қазақстан тарихы. Қазақтардың 1869 жылғы Орал және Торғай облыстарындағы отаршылдыққа қарсы көтерілісі
Авторы: Калиева Е.Т.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Оқу құралында XIX ғасырдың екінші жартысындағы патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мәселелері қарастырылған. Автор тың тарихи құжаттарға сүйене отырып, бұрын толықтай жан-жақты зерттелмеген халық көтерілісінің тарихын баяндайды. Жұмыста ұлт-азаттық көтерілістердің барлығына тән дәстүрлі теориялық құрылымдар сақталып, көтерілістің алғы шарттары, басталуы, барысы, көтерілістің жеңілуі, оның қозғаушы күштері мен сипаты сияқты келелі тұстары талданады. Оқу құралын тарих факультеті студенттеріне арнайы курс оқығанда, сондай-ақ студенттердің өз бетімен дайындық жұмыстарына пайдалануға болады.