Мұнай-газ кешені құрамындағы күкірті бар қалдықтарды залалсыздандыру мен кәдеге жаратудың экологиялық аспектілері

Авторы: Сунакбаева Д.К.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Тиімділігі жоғары бактерицидті препарат туберкулез, бруцеллоз және өзге де жұқпалы аурулар тұрғысынан жайсыз әртүрлі нысандарды зарарсыздандыру үшін дезинфекциялау тәжірибесінде қолданыла алады. Жүргізілген өндірістік сынақтар қоршаған ортаны сауықтыру үшін ұсынылып отырған зарасыздандырушы құрамды пайдаланудың ұтымдылығын дәлелдейтін оң нәтиже берді. Құрамына ұсынылып отырған бактерицидті препарат пен бентонит балшығы кірген пастаны мал тұяғының шіруін емдеу үшін ветеринарлық тәжірибеде де қолдануға болады. Құрамында күкірті бар қалдықтардан алынған аммоний сульфаты мен калий сульфатын тыңайтқыш ретінде пайдалануға болады, ал олардың бентонит балшығымен қоспасын ауыл шаруашылығында мелирант үшін маңызы көрсетілген.