Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру ұйымдарындағы музыкалық тәрбие әдістемесі
Авторы: Кокшеева З.Т.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Ұсынылып отырған «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру ұйымдарындағы музыкалық тәрбие әдістемесі» атты оқу құралы педагогикалық бағыттағы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі білім беру» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы студенттерге арналған. Қазіргі білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру процесі кезінде әр ұлт өз мемлекетінің рухани мәдени құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениетке кіргізуі заңды құбылыс. Осыған сәйкес, музыкалық тәрбие берудің де басты мақсаты – музыка өнері арқылы баланың өмірге деген көзқарасын, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз халқының музыкасы мен өнерін, салт-дәстүрін жоғары бағалай білетін парасатты азамат тәрбиелеу болса, оның негізін қалап, оқу әрекетінде қалыптастыруды мектепке дейінгі кезеңнен бастап бастауыш мектеппен сабақтастықта жалғастыруды көздейді. Оқу құралында студенттерге музыкалық білім берудің əдіс-тəсілдерін үйрету жəне болашақ мамандарды балалар мен мектеп оқушыларына музыкалық тəрбие беру жұмысына дайындау мəселелерімен қоса, музыканың теориялық негіздері, сыныптан тыс жұмыстар, сабақтар мен тәрбиелік шаралардың үлгілері де қарастырылған. Оқу құралын ЖОО студенттер, балабақша тәрбиешілері мен бастауыш мектеп мұғалімдері өз тәжірибелерінде қолдануларына болады.