Жылу процестерінің машиналары және жабдықтары
Авторы: Әділбеков М.Ә., Сыдықбаев Ж.Т., Әбдікәрімов С.Ә.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Аспаздық өнімдерді өндіру технологиясын жетілдіру көп уақытты, еңбекті, отын-энергетикалық ресурстарын қажет ететін жылу процестеріне (пісіру, қуыру және т.б.) жатады және оны қарқындату маңызды орын алады. Сондықтан кез-келген жылу аппаратының құрылымы өнімдерді термиялық өңдеудің технологиялық талаптарына мүмкіндігінше толық сәйкес келуі керек. Өнімдерді термиялық өңдеу ұзақтығын қысқарту, өнімдерге әсер етудің ұтымды температуралық режимдерін табу өнім сапасын жақсартудың және өндірісті қарқындатудың негізгі жолы болып табылады. Оқу құралы тамақ өндірісіндегі жылу процестеріне арналған машиналар мен жабдықтарды жобалаумен айналысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерге және жоғары оқу орнының магистранттары мен студенттеріне арналған.