Қазақша хабар тарататын шетел радиолары
Авторы: Нуриден Р.
Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа
Бұл оқу құралында «Азаттық» радиосы Қазақ бөлімшесінің кеңестік тоталитарлық жүйе туралы, Шығыс Түркістан мәселесі, сол кездегі Қытай мен Совет Одағының саясаты, ұлт-бостандығы үшін күрескен қайраткерлер туралы, туған жерден жырақта жүрген Қытайдағы, Монғолиядағы, Ауғанстандағы, сондай-ақ Батыс Европадағы қазақтар жайында бізге кезінде беймәлім болған жәйттар баяндалады. Сонымен қатар Монғолиядағы, Ирандағы қазақша хабар тарататын радиолардың ерекшеліктері жайында айтылады. «Радиожурналистика», «Халықаралық радиожурналистика», «Халықаралық журналистика» пәндеріне қосымша оқу құралы болып табылады. Сонымен қатар журналистика және саясаттану, халықаралық қарым-қатынастар, тарих, әдебиет және тіл білімі факультеттерінің студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, т.б. қызығушылық білдірген зерттеушілерге арналған.