Ұйымдық мінез-құлық

Авторы: Умирзаков К., Исагалиев С.Т.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Ұсынылып отырған оқу құралында ең алдымен ұйымдық мінез-құлықтың маңызы қандай, оны игеру бізге қаншалықты керек екеніне аса көңіл бөлінген. Ұйымдық мінез-құлық пәнінің басты артықшылықтарының бірі — оны тұлғааралық қатынас дағдыларын жақсартуға қолдануға болатындығы. Ұйымдастыру тұрғысынан алсақ, ұйымдық мінез-құлық принциптерін енгізу жұмыс орнындағы жағдайды жақсы деңгейден өте жақсы деңгейге дейін көтере алатындығын келтіруге болады. Жұмыс орнындағы қарым-қатынас сапасы мен қызметкерлердің жұмысқа қанағаттануы, стресс және жұмыстан кету арасында тығыз байланыс барына сипаттама берілген. Сонымен, ұйымдық мінез-құлық мынадай өзекті тақырыптарды қамтиды: мотивация, жетекшінің мінез-құлқы және билік, тұлғааралық қатынас, топ құрылымы және процестер, қатынастардың дамуы және қабылдау, өзгеріс процестері, конфликт және келіссөз, жұмысты жобалау. Оқу құралы «Ұйымдық мінез-құлық» пәнін қажет ететін экономикалық мамандықтар бойынша білім алушы студенттерге арналып әзірленді.