Алифатты қосылыстардың органикалық химиясы

Авторы: Гумаров М.Х.

Издательство: EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа

Ұсынылып отырған практикум органикалық химия курсы бойынша лабораториялық жұмыстардың көп жылдық iс-тәжiрибесiнiң негiзiнде жазылды. Практикум құралға алифатты көмiрсутектер, алифатты көмiрсутектердің галогентуындылары, құрамында оттегi бар монофункционалды туындылары (спирттер, жай эфирлер, альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдар және олардың туындылары, қанықпаған және дикарбон қышқылдар), аралас функцияларымен органикалық қосылыстар (гидроксиқышқылдар, альдегид- және кетоқышқылдар, амин қышқылдар) тақырыптарына арналған лабораториялық жұмыстар енгiзiлдi. Практикум «Органикалық химия» пәнін оқитын химиялық мамандықтар студенттеріне арналған жоғары оқу орындарының жаратылыстану факультетінің бағдарламасына сәйкес құрастырылған.